Егін шаруашылық өнімдері экспорты артты

Егін шаруашылық өнімдері экспорты 3.9 пайыз артты және 13 миллиард 236 миллион доллар кіріс кірді.

1470380
Егін шаруашылық өнімдері экспорты артты

Түркияның егін шаруашылық өнімдері экспорты жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарамай, жылдың алғашқы 7 айында 2019 жылғы ұқсас мезгілмен салыстырған 3.9 пайыз артты және 13 миллиард 236 миллион доллар кіріс кірді.

Түркия Экспортшылар Мәжілісі санақтарына қарағанда егін шаруашылығына қарасты кәсіпорындардың дәнді дақылдар, бұршақ түрлері, майлы тұқымдар мен өнімдері экспорты 7.2 пайыз артып, 4 миллиард 734 миллион долларлық пайда тапты. Таза жеміс-жидек мен көкөністер экспорты 24.4 пайыз артып, бір миллирд 364 миллион 610 мың доллар кіріс кіргізді.

Жеміс пен көкөніс өнімдері экспорты 5.7 пайыз артып, 901 миллион долларлық кіріс кірді.

Қаңтар мен шілде айларында жаңғақ пен өнімдерінің экспорты барлық кәсіпорындар арасында ең жоғары өреге жетті.  



Ұқсас жаңалықтар