Ердоған инфляцияның жалғыз орынды санға төмендейтінін айтты

Президент Ердоған биылғы турист санының 50 миллион кісіден асатынын айтты.

1307693
Ердоған инфляцияның жалғыз орынды санға төмендейтінін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 13.5 пайызға шегінген өсім мөлшерінің тағы да төмендейтінін айтты.

Ердоған Әлеуметтік Қауіпсіздік ұйымының Стамбұлдағы базасында ұйымдастырылған Фатих, Силиври, Топкапы және Зейтинбурну әлеуметтік қауіпсіздік орталықтарының топтық тұсау кесер рәсіміндегі сөзінде 2020 жылы инфляцияның жалғыз орынды санға түсетінін атап көрсетті. 

Президент биылғы турист санының 50 миллион кісіден асатынын айтты.

Ердоған АҚШ сапарына байланысты:

"Соңғы АҚШ сапарымызды көрдіңіз, АҚШ-тағы кездесулер, қол жеткізген табыстарымыз және Бейбітшілік бұлағы операциясына байланысты әсіресе әскерлеріміздің Сирияның солтүстігінде көрсеткен еңбегі мен жаратқан табысы баршаға аян. Біздің ұлтымыз сенген ісінде сөзсіз жеңіске жетеді" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар