Еуро аймағында өнеркәсіптік өндіріс 0.3 пайыз азайды

Еуропа Статистика Офисі (Eurostat) өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіштерін жариялады.

1087819
Еуро аймағында өнеркәсіптік өндіріс 0.3 пайыз азайды

Өнеркәсіптік өндіріс биылдың қыркүйек айында алдынғы аймен салыстырғанда Еуро аймағында 0.3 пайыз, Еуроодақта (ЕО) болса 0.2 пайыз кішірейді.

Еуропа Статистика Офисі (Eurostat) жариялаған мағлұматтарға қарағанда, 19 мүшелі Еуро аймағында өнеркәсіптік өндіріс қыркүйекте алдынғы аймен салыстырғанда 0.3 пайыз азайса, 2017 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 0.9 пайыз артты.

28 ел құраған Еуроодақта болса өнеркәсіптік өндіріс қыркүйек айында алдыңғы аймен салыстырғанда 0.2 пайыз азайып, 2017 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 1.1 пайыз өсті.

Осы кезеңде Еуроодақ елдері арасында айлық тұрғыдан өнеркәсіп өндірісінде ең көп төмендеу 3.3 пайызбен Латвия, 3.1 пайызбен Литва және 2.8 пайызбен Португалияда жүзеге асты.

Ең көп өсу 2.8 пайызбен Данияда, 2.2 пайызбен Ирландияда және 1.2 пайызбен Голландияда тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар