Еуроодақ 8 елге жәрдем береді

Еуроодақ Ковид-19 себепті 8 елге 2 миллиард 650 миллион евро қаржылай жәрдем беруге келісті.

1471833
Еуроодақ 8 елге жәрдем береді

Еуропа Одағы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті 8 елге жалпы 2 миллиард 650 миллион евро қаржылай қолдау береді.

Еуропа Одағы комиссиясы Ковид-19 індетінің экономикалық әсерін азайту мақсатымен 8 елге қаржылай қолдау берілуі үшін келісімге келгендерін жариялады.

Албанияға 180 миллион евро, Грузияға 150 миллион, Иорданияға 700 миллион, Косовоға 100 миллион, Молдавияға 100 миллион, Черногорияға 60 миллион, Солтүстік Македонияға 160 миллион және Украинаға 1.2 миллиард евролық қаржылай қолдау берілетіні білдірілген мәлімдемеде аталмыш жәрдемнің парақорлықпен күрес және түрліше реформалардың атқарылуы сияқты шарттарға тәуелді екені атап көрсетілді. 

Мәлімдемеде Босния-Герцоговина мен Тунис жайлы осындай келісімнің қаралып жатқаны білдірілді.

Еуроодақ төңірегіндегі елдерге экономикалық дағдарыс кезеңдерінде макролық қаржы қолдауын береді. 

Еуроодақ қаржы жәрдемдері аталмыш елдердің қалыпты жағдайларда нарықтан алатын несиелерінен тіпті лайықты төлеу шарттарымен беріледі. 



Ұқсас жаңалықтар