Еуроодаққа экспорт импортпен салыстырғанда 2 миллиард евродан асты

Түркияның 2019 жылдың бірінші ширегінде Еуроодаққа экспорты импортымен салыстырғанда 2 миллиард 782,7 миллион евродан асты.

1202569
Еуроодаққа экспорт импортпен салыстырғанда 2 миллиард евродан асты

Еуропа Статистикалық офисі (Eurostat), Еуроодақ пен Еуро аймағының наурыз айы халықаралық сауда мағлұматтарын жариялады. Осыған қарағанда Еуроодақтың наурыз айындағы жалпы экспорты 173,4 миллиард евроға, импорты болса 170,4 миллиард евроға ұласты. Еуроодақ наурыз айында шамамен 3 миллиард евро саудалық профицит берді.

Еуро аймағының болса наурыз айында жалпы экспорты 205,6 миллиард евро, импорты болса 183,1 миллиард евро деңгейіне көтерілді. Осылайша Еуро аймағы аталмыш кезеңде шамамен 22,5 миллиард евролық саудалық профицитке ұласты.

Eurostat мағлұматтарына қарағанда Түркия Еуроодақ елдеріне қаңтар айында 1 миллиард 793,1 миллион евро ақпан айында 851,3 миллион евро және наурыз айында 138,3 миллион евро саудалық профицит жүзеге асырды.

Осылайша 2018 жылдың алғашқы ширегінде Еуроодақпен шамамен 3,5 миллиард евролық Түркияның сауда тапшылығы үстіміздегі жылдың бірдей кезеңінде 2 миллиард 782,7 миллион евроға шегерілді.



Ұқсас жаңалықтар