IMF Ливанға жәрдемге дайындалуда

Кристалина Георгиева Бейрут портында болған жарылыстан кейін Ливан халқына қолдау беру үшін барлық жолды қарастырғандарын айтты.

1468458
IMF Ливанға жәрдемге дайындалуда

Халықаралық Ақша Қоры (IMF) төрайымы Кристалина Георгиева Бейрут портында болған жарылыстан кейін Ливан халқына қолдау беру үшін барлық жолды қарастырғандарын айтты.

IMF төрайымы Кристалина Георгиева жазбаша мәлімдемесінде:

"Ливандағы қорқынышты трагедиядан кейін апатты жеңу және елдің дөп келген терең экономикалық және әлеуметтік дағдарысымен күресуі үшін ұлттық береке-бірлік уақыты екенін" білдірді.

Кристалина Георгиева халықаралық қоғамның да қажет болған жағдайда Ливанға жәрдем беру үшін аттанысқа келуі керектігін атап көрсетті.

Бейрут портында 4 тамыз күні жарылғыш материалдар қойылған 12 номерлі қоймада аладымен өрт шықты, артынан бүкіл қаланы шайқаған ауыр жарылыс болды. Жарылыста кемінде 135 адам қаза тапқаны, мөлшермен 5 мың адам жараланғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар