IMF Мысырға 2 миллиард доллар берілуін мақұлдады

IMF Мысырға беруге кепілдік еткен 12 миллиард долларлық несиенің соңғы бөлегі 2 миллиард доллардың тапсырылуын мақұлдады.

1203468
IMF Мысырға 2 миллиард доллар берілуін мақұлдады

Халықаралық Ақша фоны (IMF) Мысырға беруге кепілдік еткен 12 миллиард долларлық несиенің соңғы бөлегі 2 миллиард доллардың тапсырылуын мақұлдады. 

Жазбаша мәлімдеме жариялаған Мысыр Қазына министрі Мұхаммед Майыт IMF басшыларымен несиенің соңғы бөлегінің Мысырға берілуіне байланысты тақырыпта келіскендерін, 2 миллиард доллардың шілде айында жолдануы күтілгенін айтты.

IMF делегациясы 5 мамырда Мысырға барып, 16 мамырға дейін мысырлық лауазымдылармен кездесулер өткізген.

IMF тарапынан жасалған мәлімдемеде Мысыр үкіметінің экономикалық реформаларды табыспен атқару мақсатымен маңызды қадамдар басқаны хабарланды.

Мысыр әкімшілігі 2018 жылдың маусым айында жанармай бағасын 17.5 және 66.6 пайыз арасында өзгерген бағамен өсірген болатын.

Мысыр үкіметі вальютада еркін бағамды атқаруды қамтыған экономикалық реформалар жасауға қарымжы ретінде 12 миллиард долларлық несие берілуі тақырыбында 2016 жылы IMF-пен келісім жасасқан. 



Ұқсас жаңалықтар