Ирак шикі мұнай экспортын арттырады

Басра шығанағында бір арал салынады.

1264440
Ирак шикі мұнай экспортын арттырады

Басра шығанағында бір арал салынады.

Ирак шикі мұнай экспортын арттыру үшін Басра шығанағының солтүстігінде бір арал салуды жоспарлауда.

Ирактың ресми газеті Ес-Сабахқа мәлімдеме жасаған Басра мұнай фирмасы бас директоры Ихсан Абдулжеббар жоба үшін голландиялық бір фирмамен келісімге қол қойғанын білдірді.

Абдулжеббар жобаның қазіргі қаңқасы бойынша аралдың күніне 2 миллион барел шикі мұнай экспорт ету және 6 миллион барелі болса қойма деңгейіне ие болатынын атап өтті.

Жоба үшін нақтылы түрде өткізілетін тендердің мазмұнында экономика, инвестиция, логистика және инженерлік сынды барлық жай-жапсарына тоқталған Абдулжеббар аталмыш тендердің құны жайлы мағлұмат берген жоқ.

 


Этикеттер: #Ирак , #экспорт , #мұнай

Ұқсас жаңалықтар