Иранда 53 миллиард баррель жаңа мұнай резерві табылды

Иран президенті Рухани елінің мұнай байлығын арттыратын жаңа мұнай резерві анықталғанын жариялады.

1303674
Иранда 53 миллиард баррель жаңа мұнай резерві табылды

Иран президенті Хасан Рухани елінің мұнай байлығын үштен бір мөлшерінде арттыратын жаңа мұнай резерві анықталғанын жариялады.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Йезд қаласында халыққа үн қатқан Рухани:

"Иран Мұнай компаниясы мұнай барлау басқармасы 53 миллиард баррель жаңа бір мұнай резервін тапты. 2 мың 400 текше киломтр алаңға орналасқан мұнай бассейнінің тереңдігі 80 метр" деп көрсетті.

Иран 2015 жылғы санды мәліметтерге қарағанда 157 миллиард баррель мөлшеріндегі мұнай резервімен осы салада Венесуэла, Сауд Арабиясы және Канададан кейінгі әлемде 4-ші орында тұрады. 



Ұқсас жаңалықтар