Иранға туристік саяхат азайды

Иран: "Алдағы екі ай үшін АҚШ пен Еуропа елдерінен қонақүйлерімізге жасалған резервациялардың 80 пайызы тоқтатылды".

1343496
Иранға туристік саяхат азайды

Иранға саяхат жасауды жоспарлаған Батыс туристерінің көп сандысы Украина әуежолдарына қарасты жолаушы ұшағының құлатылуынан кейін саяхат сұраныстарын тоқтатқаны білдірілді.

Иран Қонақүйлер одағының төрағасы Жафар Хамзазаде ресми хабар агенттігі ИРНА-ға жасаған сұхбатында:

"Алдағы екі ай үшін АҚШ пен Еуропа елдерінен қонақүйлерімізге жасалған резервациялардың 80 пайызы тоқтатылды" деді.

Жағдайдың уақыттық екенін айтқан Хамзазаде: "Осы шұғыл жағдайдан өту үшін үкімет жекеменшік кәсіпорындарға қолдау беруі керек" деп көрсетті.

Хамзазаде батыстық туристердің күшін жойған саяхаттарының орнын Қытай мен Үндістаннан келетін туристермен толтыруды жоспарлағандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар