Ішкі туризмге қаржылай көмек

Жапония үкіметі ел ішінде демалатын азаматтарға күніне 150 доллар қаржылай көмек береді.

1424112
Ішкі туризмге қаржылай көмек

Жапония үкіметі коронавирус эпимедиясынан зиян шеккен туризм саласын жандандыру үшін ел ішінде демалатын азаматтарға күніне 20 мың йен (150 доллар) қаржылай көмек береді. 

Премьер-министр Синдзо Абэ үкіметі Covid-19 әсер еткен туризмге қолдау беру мақсатты “Саяхатқа шық” акциясын бастады. 

Шілде айында басталатын 1,35 триллион йен мөлшеріндегі жоба жапон туризм агенттіктерінен немесе дәстүрлі қонақүйлерден жасалатын саяхат брондарын қамтиды. 

Осыған орай қонақүй бағасында жеңілдік,  жақын мейрамхана және дүкендерде қолданылатын жеңілдік купондары, саяхат қаражатының жартысы төленеді. 

Акция Жапонияға шетелден баратын туристерді қамтымайды.



Ұқсас жаңалықтар