Ислам елдерінде криптовалюта болуы мүмкін

Ислам елдері арасында саудада қолданылатын криптовалюта жүйесі күн тәртібіне келуі мүмкін.

1088556
Ислам елдерінде криптовалюта болуы мүмкін

Халықаралық Бизнес форумының (IBF) төрағасы Эрол Ярар IBF-де Ислам елдері арасында саудада қолданылатын криптовалюта жүйесін күн тәртіпке келтіретіндерін айтты.

Тәуелсіз өнеркәсіп және іскерлер қоғамының биылғы 17-ші MÜSİAD EXPO шарасы аясында IBF форумы өткізіледі.  Форумның негізгі тақырыбы «Әлемдік валюта жүйесінде плюрализм және әділет» деп аталады.

Шара шеңберінде «Халықаралық валюта жүйесінің реформасы және әділ экономикалық тәртіп жоспары» мен «Халықаралық сауда және валюта жүйесінде Blockchain технологиясының орны» атты екі отырыс өткізіледі.

IBF төрағасы Эрол Ярар: «Доллар енді ортақ валюта болудан қалды. Санкция құралына айналды.  Америка Құрама Штаттары валюта трансферлерін өз бақылауында ұстап отыр,  тек долларды құрал ретінде қолдану арқылы халықаралық нарықта санкция жүргізуде, елдерде дағдарыс шығаруда» деді.

«Форумда Ислам елдері арасында қолданылатын криптовалюта жұйесін күн тәртібіне келтіреміз» деді ол. Ярар Ислам елдері арасында IMF секілді фонд құрылуы керектігін де білдірді.



Ұқсас жаңалықтар