Италиямен экспорт саудасы артатын болады

Окяй коронавирус процесінде Еуропада ең ауыр зиян тартқан Италияның түрік жұмыс әлемімен ынтымақтастық жасауға мұқтаж болатынын айтты.

1423897
Италиямен экспорт саудасы артатын болады

Сыртқы Экономикалық байланыстар кеңесі Түркия-Италия жұмыс кеңесінің төрайымы Зейнеп Бодур Окяй жаңа типті коронавирус (Сovid-19) процесінде Еуропада ең ауыр зиян тартқан Италияның түрік жұмыс әлемімен ынтымақтастық жасауға мұқтаж болатынын айтты.

Окяй Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Италияның Түркия үшін маңызды бір экспорт нарқы екенін тілге тиек етті.

Коронавирус процесінде ауыр зақымдалған Италиядағы өнеркәсіпшілердің жұмыс істеуді және қалыпқа түсуді күткенін білдірген Окяй елде үкіметке осы тақырыпта ауыр қысым жасалғанын баяндады.

Коронавирус процесінің әсіресе азық-түлік пен медициналық өнімдердің қаншалықты стратегиялық сала екенін көрсеткенін айтқан Окяй Түркияның өнімдермен қамдауда көрсеткен сенімінің жемісін жейтінін атап айтты. 

Окяй Түркияның текстиль, денсаулық сақтау өнімдері, электроникалық жабдықтар және авиация сияқты түрліше өнеркәсіпте және әралуан салада жылдам жауап беретін құрылымын ортаға шығарғанын және мұны өз пайдасына жарата алатынын білдірді.

Зейнеп Бодур Окяй жаңаланатын энергия мен машина өнеркәсібі салаларында екі ел арасындағы сауда мөлшерінің артатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар