Измирге туристік кемелер келіп жатыр

Ішінде 2 мың  116 бөлмесі бар Италия жалауы ілінген "Коста-Венеция" туристік кемесі Кушадасынан қала кемежайына ұласты.

1849375
Измирге туристік кемелер келіп жатыр

Измирге 2 мың 300 турист 3 түрлі круиздік кемемен келді.

Италия жалауы бар "Коста-Венеция", Маршалл аралдары жалауы бар «Наутика» және «Жеті теңіз зерттеушісі» (Seven Seas Explorer) круиздік кемелері Измир кемежайына 2 мың 300 жолаушыны алып келді.

Маршалл аралдарының жалауын ілген ұзындығы 180 метрлік «Наутика» кемесі Родос аралынан, ал «Жеті теңіз зерттеушісі» (Seven Seas Explorer) кемесі гректің Гитио қаласынан шығып Измирге келді.

Ішінде 2 мың  116 бөлмесі бар Италия жалауы ілінген "Коста-Венеция" туристік кемесі Кушадасынан қала кемежайына ұласты.

Туристердің бір бөлімі тіркеуден кейін порттан шығып, Ефес көне қаласына, Мариям Ана үйіне және Чешме-Алачаты аймағына сапарға шықты.

Туристердің бір бөлімі Измир қаласын тамашалады.



Ұқсас жаңалықтар