Қалдықтарды кері қайтарды

Малайзия елге заңсыз жеткізілген 150 контейнер пластикалық қалдықты кері қайтарды.

1343780
Қалдықтарды кері қайтарды

Малайзия елге заңсыз жеткізілген 150 контейнер пластикалық қалдықты кері қайтарды.

Энергия,  технология,  қоршаған орта және климат өзгерісі министрі Иео Ии Бин аталмыш қалдықтар жиналған Пенанг штатына барып,  кері қайтару ісін өзі қадағалады.

Министр контейнерлердің 43-інің Францияға, 42-сінің Ұлыбританияға, 17-сінің Америка Құрама Штаттарына, 11-інің Канадаға, 10-ының Испанияға, қалғандарының Жапония,  Сингапур, Португалия,  Қытай, Бангладеш және Шри-Ланкаға жолданғанын айтты.

Министр биыл 110 контейнер пластикалық қалдықтың Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония және Ұлыбритания секілді елдегі кері жолданатынын айтып: «Бізді әлемнің қалдық лақтыру жері деп ойлайтындар түс көреді» деді.

Заңсыз пластикалық қалдық экспортымен күрескен Малайзия өткен жылдан бері 3737 тонна қалдықты елден кері қайтарды. Айырықша пластикалық қалдықты заңсыз өңдейтін 200 зауыт жабылды.



Ұқсас жаңалықтар