Құбыр желісінің құрылысы жалғасып жатыр

"Фортуна" кемесі қайтадан жұмыс істей бастады.

1570395
Құбыр желісінің құрылысы жалғасып жатыр

Америка Құрама Штаттары Қазына министрлігі тарапынан санкция тізіміне енгізілген «Фортуна» құбыр төсеу кемесі Солтүстік ағым-2 желісіндегі ісін қайта бастады.

Солтүстік ағым-2 құбыр желісі жобасын атқарушы Nord Stream 2 AG компаниясы хабарлама жариялап, “Фортуна» кемесінің Дания су айдынында құрылыс істерін қайта бастағанын білдірді.

Орыстың энергия компаниясы Газпром 19 қаңтар күнгі хабарламасында Солтүстік ағым-2 табиғи газ құбыр желісі жобасының саяси қысым салдарынан тоқтап қалу қаупі бар екенін білдірген болатын. Жобаның құрылысы Америка Құрама Штаттарының «санкция қорқытуларынан» кейін желтоқсан айында тоқтап қалған еді.

Барлық құны 10 миллиард евро болатын, 94 пайызы аяқталған жоба арқасында жылына 55 миллиард текше метр орыс газы Балтық теңізі арқылы Германияға жеткізіледі. Бұл желінің құрылысына Америка Құрама Штаттары, Украина, Польша және Балтық елдері қарсы шығып отыр. Желісінің серіктері арасында Газпроммен бірге Shell, OMV, Engie, Uniper және Wintershall секілді компаниялар бар.



Ұқсас жаңалықтар