Қытай АҚШ фирмаларына санкция жасайды

Қытай АҚШ-тың Тайваньға қару саудасына араласқан фирмалар мен азаматтарға санкция атқаруға шешім жасады.

1516360
Қытай АҚШ фирмаларына санкция жасайды

Қытай Тайваньды қарумен қамдаған америкалық фирмалар мен азаматтарға санкция жасалатынын хабарлады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Жау Лижиан баспасөзге мәлімдемесінде:

"Қытайдың ұлттық мүддесін қорғау үшін орталық үкімет "Lockheed Martin", "Boeing Defense" және "Raytheon" қатарлы АҚШ-тың Тайваньға қару саудасына қатысқан ұйымдарға санкция жасау үшін қажетті шараларды дайындауға шешім жасалды" деп көрсетілді.

Жау Лижиан қару саудасында "жаман атты" АҚШ фирмалары мен жеке азаматтарына да санкция жасалатынын айтты.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі 21 қазанда Тайваньға 1.8 миллиард долларлық зымыран жабдықтарын, HIMARS зымыран жүйесін және радар жүйесін сатуды мақұлдады.

АҚШ Қорғаныс Қауіпсіздік ынтымақтастық агенттігі сол күні үш мәлімдеме жасап, қатысты құжаттардың АҚШ Конгресіне ұсынылғанын жариялады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Жау Лижиан 22 қазандағы мәлімдемесінде елінің АҚШ-ты жоспарлаған қару саудасынан бас тартуға және Тайваньмен  әскери байланыстарын тоқтатуға шақырғанын білдіріп, Қытайдың жағдайдың дамуына сай жауап беретінін  айтқан болатын. 



Ұқсас жаңалықтар