Қытай Түркияның ең ірі үшінші сауда ортағы

Пекжан Қытайдың Германия мен Ресейден кейін Түркияның ең ірі сауда ортағына айналғанын айтты.

1264892
Қытай Түркияның ең ірі үшінші сауда ортағы

Қытай Түркияның ең ірі үшінші сауда ортағы.

Сауда министрі Рухсар Пекжан Қытайдың Германия мен Ресейден кейін Түркияның ең ірі сауда ортағына айналғанын айтты.

Пекжан 88-ші Измир Халықаралық Жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылған «Түркия-Қытай Бизнес Форумына» қатысты. Пекжан Қытай сауда делегациялар арасындағы кездесудің  сәтті өткенін және маңызды қадамдар басуға шешім жасағандарын айтты.

Пекжан «Еуропаның ең жанды экономикасы болған Түркияның жаһандық күшке айналған Қытаймен жасаған ынтымақтастығы Орташығысқа, Балканға және Еуропаға жаңа бір тыныс болады. Осы өңірдегі экономикаларға үлес қосады» деді.

Пекжан «Қытаймен сауда көлеміміз  2001 жылы  1,1 миллиард доллар болса,  2018 жылынан бастап 23,6 миллиард долларға ұласты. Қытай енді Германия мен Ресейден кейін ең ірі сауда ортағымызға айналды» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар