Қытайда авиация көрмесі ұйымдастырылды

Көрмеде шамамен 21,2 миллиард долларлық келісімге қол қойылды.

1086299
Қытайда авиация көрмесі ұйымдастырылды

Қытайдың Чжухай қаласында болған авиация көрмесінде шамамен 21,2 миллиард долларлық келісімге қол қойылды.

Шинхуа агенттігінің хабарына қарағанда,  елдің оңтүстігіндегі Чжухай қаласында 6-11 қараша күндері арасында 12-ші Халықаралық авиация және ғарыш көрмесі болды. Көрме барысында 21,2 миллиард долларлық келісімге қол қойылды.

Келісімдер 596 жоба мен 239 әуе көлігін қамтиды.

Көрмеге 43 ел және аймақтан 770 компания өкілдері қатысты. Соңғы технологиямен өндірілген өнімдер мен Қытайдың бомбалаушы және жүк ұшақтары таныстырылды.

450 мың адам келген көрме аясында Қытайдың бесінші буын әскери ұшағы J-20 шоу көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар