Кения Түркиядан 118 сауытты көлік алады

Кения Түркия қорғаныс өнеркәсібі компаниясы Катмержилер өндірген "Хызыр" атты көліктен сатып алатындарын хабарлады.

1570646
Кения Түркиядан 118 сауытты көлік алады

Кения армиясы Түркиядан 118 сауытты қызметкер тасымалдау көлігін сатып алатынын хабарлады.

Кения Қорғаныс күштерінің мәлімдемешісі Зиппорах Киоко шекараларды қорғау және террористік ұйым Еш-Шебаб-қа қарсы күресу үшін Түркия қорғаныс өнеркәсібі компаниясы Катмержилер өндірген "Хызыр" атты көліктен сатып алатындарын айтты.  

Аталмыш сауытты қызметкер тасымалдайтын көліктің Кения армиясы қажет еткен "Қорғаушы жандылығын" қамдайтынын айтқан Киоко 118 көлікті алуға келісім жасап жатқандарын білдірді.

"Хызыр" түрік қорғаныс өнеркәсібінде өз саласының ең жоғары мотор күші бар, күшті тактикалық дөңгелекке ие сауытты соғыс көлігі екеніне назар аударды.

Түрік өнімі "Хызыр" мина және бомбаларға қарсы қорғауды қамдайтын, балистикалық тұрғыдан кемелденген, жоғары қабілетке ие 4x4 конфигурацияда және 400 ат күшіне ие.

НАТО мәртебесіндегі және кемелденген сауытты көлік ел іші мен сыртындағы сынақтан өткен.   



Ұқсас жаңалықтар