Кептірілген жүзім экспорты артты

Еуропаның 26 еліне 399,8 миллион долларлық сауда жасалды.

1264861
Кептірілген жүзім экспорты артты

Түркияның дәнексіз, кептірілген жүзім экспорты өткен жылмен салыстырғанда 14 пайыз артып, 516 миллион 200 мың долларға жетті.

Эгей Экспортшы одақтар деректеріне қарағанда,  Түркия кептірілген жүзімде экспорт маусымы басталған 2018 жылдың 1 қыркүйек күнінен маусым аяқталған 2019 жылдың 31 тамыз күніне дейін 99 елге 516 миллион 200 мың долларлық 252 мың тонна кептірілген жүзім сатты.

Аталмыш мерзімде ең көп жүзім экспорты 141,8 миллион доллармен Ұлыбританияға жасалды. Осы елдің артынан  58,6 миллион доллармен Германия және 52 миллион доллармен Голландия келеді.

Еуропа Одағы елдерінен 26 ел Түркияның кептірілген жүзім экспортының 77 пайызын қамтиды.

Еуропаның 26 еліне 399,8 миллион долларлық сауда жасалды.



Ұқсас жаңалықтар