"Әлемдік компанияларға Түркия сияқты серіктестер қажет"

Қазына және қажы министрі Берат Албайрак әлемдік компанияларға Түркия сияқты серіктестер қажет екенін мәлімдеді.

1516959
"Әлемдік компанияларға Түркия сияқты серіктестер қажет"

Шетелдік инвесторлармен бейнеконференция әдісімен бас қосқан Албайрак «Көпұлтты фирма өндірістерін Азиядан аймағымызға бағыттай бастады» деді.

Албайрак бұл кезеңде әлемдік компаниялардың Түркия сияқты шетелдік фирмаларға қарсы бейтарап, кризистерге қарсы шыдамды, сенімді, динамикалық ортақтарға мұқтаж екенін атап көрсетті.

Министр Албайрак «Түркия инвесторларға мықты өндірістік инфрақұрылым, стратегиялық тұғыр және логистикалық инфрақұрылыммен теңдесі жоқ мүмкіндіктер ұсынады» деді.

Албайрак Түркияның даусыз ең мықты тұстарының логистикалық мүмкіншілікті 3 құрлық тоғысқан жағрапияда орналасуы, жас тұрғын саны және білікті жұмыс күші екенін атап көрсетті.

Қазына және қаржы министрі Албайрак «Түркия жылдам экономикалық өсу, 20 жылда 3 есе артқан жалпы ішкі өнім, сатып алу күші артып отырған орта таппен мықты және үлкен бір нарық» деді.

Албайрак Түркияның жұмыс жеңілдігі индексінде жылдам алдынғы қатарлылар тізімінде орын алуына қоса шетелдік инвесторлар үшін де көптеген мүмкіндіктер ашқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар