McDonald's Ресейден шегінеді

McDonald's компаниясынан жасалған мәлімдемеде Ресейдегі операцияларының сату процесі басталғаны білдірілді.

1827750
McDonald's  Ресейден шегінеді

Америкалық

жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі McDonald's 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыстанған Ресей нарқынан шығатынын хабарлады.

McDonald's компаниясынан жасалған мәлімдемеде Ресейдегі операцияларының сату процесі басталғаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Украиндағы соғыс себеп болған гуманитарлық дағдарыс және болжамсыз жұмыс ортасы McDonald's компаниясының Ресейдегі бизнеске иелік етуін бұдан былай қорғалмайтын күйге келтіргеніне және McDonald's құндылықтарымен үйлеспегеніне шешім жасалғаны" білдірілді. 

Компанияның Ресейдегі McDonald's мейрамханаларының портфолиосының толығын жергілікті алушыға сату жоспарланғаны білдірілген мәлімдемеде компанияның Ресейдегі қызметкерлеріне жалақы берудің жалғасуы және сатып алушының болашақта оларды жұмысқа орналастыруы McDonald's-тың басты міндеті екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Украинадағы McDonald's мейрамханаларының жабылғаны, Еуропада McDonald's жүйесінің украиналық босқындарға азық-түлік бағыштары, баспана және жұмысқа орналастыру жолымен қолдау бергені жеткізілді. 

McDonald's 8 наурызда Ресейдің 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасауына жауап ретінде  62 мың адам жұмыс жасайтын Ресейдегі 850 мейрамханасын уақытша жабатынын жариялаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар