Миллиардерлердің саны мен  байлығы артты

Миллиардерлердің жалпы байлығы 2 триллион долларға өсіп, 14,2 триллион долларға жетті.

2124289
Миллиардерлердің саны мен  байлығы артты

Америкалық «Forbes» іскерлік журналы 38-ші рет жариялаған миллиардерлер тізімі әлем бойынша миллиардерлер саны мен байлығының артқанын көрсетті.

Осыған сәйкес миллиардерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 141 адамға артып, 2 мың 781-ге жетіп, рекорд жаңартты.

Миллиардерлердің жалпы байлығы 2 триллион долларға өсіп, 14,2 триллион долларға жетті.

«LVMH» сәнді тауарларының бас директоры Бернар Арно 233 миллиард доллар байлығымен екінші рет әлемдегі ең бай адам ретінде тізімде көш бастап тұр. «Louis Vuitton», «Tiffany & Co», «Christian Dior» және «Sephora» сияқты брендтерге иелік ететін компанияның менеджері Арноның байлығы өткен жылмен салыстырғанда 22 миллиард долларға өсті.

Тізімде «Tesla» және «SpaceX» бас директоры Илон Маск 195 миллиард доллар байлығымен екінші орынды иеленсе, американдық электронды коммерция алыбы «Amazon» компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 194 миллиард доллар байлығымен үшінші орында тұр.

Миллиардерлері ең көп ел 813 адаммен АҚШ, одан кейін 473 миллиардермен Қытай және 200 миллиардермен Үндістан болды.

«OpenAI» бас директоры, «ChatGPT» жасанды интеллект чат-ботының әзірлеушісі Сэм Альтман да миллиардерлер қатарына қосылды.

Биыл «Forbes» журналының миллиардерлер тізіміне Түркиядан 27 есім кірді. Йылдыз Холдингінің Басқарма мүшесі Мұрат Улькер 5,1 миллиард доллар байлығымен Түркияның ең бай адамы ретінде көрсетілді.

Түрік миллиардерлерінің жалпы байлығы шамамен 56,1 миллиард долларды құрады.



Ұқсас жаңалықтар