Молдова газ алғысы келеді

Министр Брынзан Түрік Ағыны табиғи газ құбыр желісінен газ алу үшін Газпроммен кездескендерін білдірді.

1255364
Молдова газ алғысы келеді

Молдова Экономика және инфрақұрылым министрі Вадим Брынзан Түрік Ағыны табиғи газ құбыр желісінен газ алу үшін Газпроммен кездескендерін білдірді.

Брынзан Молдованың бас қаласы Кишиневте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, өткен жылы Газпроммен қол қойылған келісімнің биыл аяқталатынын айтты. Түрік ағыны жобасынан табиғи газ алғысы келетіндерін тілге еткен министр «Түрік Ағынынан газ алу үшін Газпроммен сөйлесіп жатырмыз» деді.

Украина,  Румыния,  Болгария және Молдова арасында бір ақылдасу платформасын қалыптастырғысы келетіндерін айтқан министр «Түрік Ағынының техникалық және экономикалық жағын талқылаймыз. Еуропа Комитеті осы платформаның бітімгері болады» деді.

Орыс газын Түркия және Еуропаға тасымалдайтын Түрік Ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасы әрқайсысы жылдық 15,75 миллиард текшеметр әлеуетке ие екі желіден тұрады.



Ұқсас жаңалықтар