НАТО одақтастардың қорғаныс қаржысын көбейткенін білдірді

Түркияның қорғаныс саласына жұмсаған қаржысы таза ұлттық кірістің 1.64 пайызын иеледі.

1163741
НАТО одақтастардың қорғаныс қаржысын көбейткенін білдірді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг барлық одақтастардың қорғаныс шығындарын көбейте бастағандарын айтты.

Бас хатшы Йенс Столтенберг НАТО  іс-шаралары және мүше елдердің қорғаныс шығындарына байланысты Бельгияның астанасы Брюссельдегі база ғимаратында баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Бас хатшы Йенс Столтенберг санды мәліметтер одақтастардың 2018 жылы қорғанысқа тіпті көп инвестиция салғанын көрсеткенін айтты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг:

"Еуропалық одақтастар мен Канада қорғаныс арқылы бетін қайтару жұмыстарына 2016 жылдан бері қосымша 41 миллиард доллар қаржы жұмсады" деп мәлімдеді.

Бас хатшы бұл санды мәліметтің жылдың соңына дейін 100 миллиард долларға көтерілуі күтілгенін де білдірді.

НАТО-ның жылдық рапортына қарағанда, одаққа мүше 7 елдің 2018 жылғы қорғаныс шығыны ел ішіндегі таза ұлттық кірісінің 2 пайызынан асты. 

Қорғаныс шығыны салыстырмасында Америка Құрама Штаттары 3.39 пайызбен бірінші орынды иеледі. 

Оған ең жақын мөлшер 2.22 пайызбен Грекия, 2.15 пайызбен Ұлыбритания, 2.07 пайызбен Эстония, 2.05 пайызбен Польша, 2.03 пайызбен Латвия, 2 пайызбен Литва елдері тіркелді. 

Осы кезеңде Түркияның қорғаныс саласына жұмсаған қаржысы таза ұлттық кірістің 1.64 пайызын иеледі.  



Ұқсас жаңалықтар