О. Корея АҚШ-тан тікұшақ алады

Оңтүстік Корея келісім аясында 3 жылда АҚШ-тан 40 «Bell 505» тікұшағын сатып алады.

1827817
О. Корея АҚШ-тан тікұшақ алады

Оңтүстік Корея Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) шамамен 133 миллион долларға тікұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша Оңтүстік Кореяның Қорғаныстық сатып алу бағдарламасы агенттігі (DAPA) АҚШ-тың Авиация-ғарыш компанияларының бірі Bell Textron Asia-мен мөлшермен 132.8 миллион доллар құнында тікұшақ сатып алу туралы келісімге келгені білдірілді.

Сондай-ақ Оңтүстік Корея келісім аясында 3 жылда компаниядан 40 «Bell 505» тікұшағымен бірге ұшқыштарға білім беруде қолданылатын 8 тренажер де алады.



Ұқсас жаңалықтар