Отандық әуе шары өндірілді

Министр отандық шармен ұшты.

1308303
Отандық әуе шары өндірілді

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Невшехирде өндірілген алғашқы отандық ыстық ауа шарымен ұшты.

Варанк аймақтағы Pasha Balloons тарапынан өндірілген алғашқы әуе шарын тексерді.

Азаматтық Авиация дирекциясының қолдауымен өндірілген отандық әуе шары 11 қазан күні бірінші сынағынан өткен болатын.

Түркияның Каппадокия аймағы әлемнің ең маңызды ыстық ауа шары орталығы болып саналады.  Түркия көлемінде ұшатын 230 шардың жылдық күтім және жөндеу құны 3 миллион евро шамасында.

Отандық әуе шарының өндіріле бастауымен алдымен осы шығынның азайтылуы көзделеді. Отандық шардың жылына 60 дана өндірілуі жоспарланып отыр.

80 мың евроға түсетін әрбір шардың алдағы уақытта шетелге де сатылуы мүмкіндігі бар. Түркияның отандық шарын Катар, Оман және Иран секілді елдер қазірден-ақ алуға ниет білдірді.



Ұқсас жаңалықтар