Пәкістан 1.6 миллион долларлық шаш экспорт етеді

Пәкістан шаш экспорт ететін елдер арасында бесінші орынды иелейді

1128736
Пәкістан 1.6 миллион долларлық шаш экспорт етеді

Пәкістан Сауда, Текстиль, өнеркәсіп, өндіріс және инвестиция министрі Абдул Разак Давут Пәкістанның соңғы бес жылда 1.6 миллион долларлық адам шашын экспорт еткендерін жариялады. 

Парламентте депутаттарға мәлімет берген министр Давут ең көп шаш экспорт етілген елдердің Қытай, Америка Құрама Штаттары және Біріккен Араб Әмірліктері екенін білдірді.

Ең көп шаш экспортталған ел Қытайға мөлшермен 105 килограм шаш сатылғанын айтқан министр Давут осы экспорттан 132 мың доллар пайда түскенін атап көрсетті. 

Министр Давут жалпы экспорттан 1.6 миллион долларлық пайда түскенін жеткізді.

Пәкістан шаш экспорт ететін елдер арасында бесінші орынды иелейді.

Әлемдегі шаш экспортының 2 пайызын иелейтін Пәкістанның алдында Америка Құрама Штаттары, Үндістан,  Гонконг және Сингапур бар.

Шашты ең көп экспорт ететін ел Америка Құрама Штаттары әлемдегі шаш экспортының 42 пайызын иелеп отыр.

Бұл шаштар көбінесе Парик "жасанды шаш"  және шашқа жалғау мақсатында қолданылады. 

 



Ұқсас жаңалықтар