"Пәкістанның қорғаныс саласы экспорты 31 миллиард рупия"

Пәкістан Қорғаныс өндіріс министрі Зубайда Жалал «Dubai Airshow 2019» Авиация көрмесінде баяндама жасады.

1308904
"Пәкістанның қорғаныс саласы экспорты 31 миллиард рупия"

Пәкістан Қорғаныс өндіріс министрі Зубайда Жалал соңғы бір жылда Пәкістанның қорғаныс саласында жасаған экспорттан 31 миллиард рупия табыс түсіргенін мәлімдеді.

Жалал Пәкістанның Түркияға сатқан «Super Mushshak» оқу-жаттығу ұшағы танытылған Дубайдағы «Dubai Airshow 2019» Авиация көрмесінде баяндама жасады.

Пәкістанның өндіріп әлем нарығында сатқан қорғаныс өнеркәсібі өнімдері тізімінің бірінші орнына тұрған оқу-жаттығу ұшағының инженерлерімен де бас қосқан Жалал биыл 2018 жылғы қорғаныс экспортын үш есе арттырғандарын атап көрсетті.

Жалал елде өндірілген «JF-17» соғыс ұшақтарының да бүкіл әлемде қызығушылық туғызғанын атап, «Биыл қорғаныс саласындағы өнімдеріміздің экспортынан 31 миллиард рупия табыс түсірдік. Осы көрсеткіштің кейінгі жылдарда артуын күтеміз» деді.

Пәкістан араларында Түркия мен Әзірбайжан да бар 7 елмен «Super Mushshak» оқу-жаттығу ұшағы үшін сауда-саттық келісімге қол қойды.» JF-17» ұшақтарының 19-ы Мьянма және Нигерияға сатылды.



Ұқсас жаңалықтар