Памуккале туристерді қызықтыруда

Денизли қаласындағы маңызды туризм орталықтарының бірі Памуккалеге биыл 4 айлық мезгілде 240 мың жергілікті және шетелдік турист келді.

1822442
Памуккале туристерді қызықтыруда

Памуккале тамашалай келген туристерді  күтіп алды.

Эгей аймағында орналасқан Денизли қаласындағы маңызды туризм орталықтарының бірі Памуккалеге биыл 4 айлық мезгілде 240 мың жергілікті және шетелдік турист келді.

Әлемге танымал маңызды туризм орталықтарының бірі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы ЮНЕСКО Әлем мұра тізімінде орын алған Памуккале қонақтарды күтіп алуды жалғастыруда.

Түркияның табиғи сұлулығы бар аймақтарының бірі Памуккале әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерді өзіне тәнті етуде.

Құрамында кальций оксиді бар көрікті ақ травертиндер мен тарихи қалдықтар арасында серуендеп, 1988 жылынан бері ЮНЕСКО Әлем мұра тізімінде орын алған  ежелгі "Хиерополис бассейні" аталған және төрт маусымжылы сақталатын  көріністер келушілерге керемет бір сұлулық ұсынады.

Памуккалеге келген туристер ыстық әуе шары мен параплан да аспаннан ерекше көріністі тамашалай алады.

2020 жылы қаңтар мен сәуір айларында  Памуккалеге 151 мың 268 турист келді.

 



Ұқсас жаңалықтар