Рено компаниясы 15 мың адамды жұмыстан шығармақ

Француз автомобиль компаниясы Рено (Renault) 15 мың қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлауда.

1425972
Рено компаниясы 15 мың адамды жұмыстан шығармақ

Француз автомобиль компаниясы Рено (Renault) 15 мың қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлауда.

Рено компаниясынан жасалған мәлімдемеде алдағы үш жылда компанияның жалпы шығынын 2 миллиард еуро азайтуға және осы аяда 15 мың адамды жұмыстан шығаруға шешім қабылданғаны білдірілді.

Мәлімдемеде инженерлік және қосымша компаниялармен жасалған жұмыстарда шығынды азайту нысанаға алынғаны, Румыния және Мароккодағы өсу жоспарларының тоқтатылуына шешім қабылданғаны хабарланды.

Рено компаниясынан жасалған мәлімдемеде 2024 жылдан бастап 4 миллион болған жаһандық көлік өндіріс нысанасының 3.3 миллионға азайтылатыны білдірілді. 

Мәлімдемеде 15 мың адамды жұмыстан шығару шығынды 1.2 миллиард еуро азайтатыны да атап өтілді. 

Компания әлемдегі түрліше орындарда жалпы 179 мың адамға жұмыс беруде.



Ұқсас жаңалықтар