Ресей АҚШ-тың Роснефтьті нысанаға алған мәлімдемелерін сынға алды

Ресей АҚШ-тың орыс энергия фирмасы Роснефтьті нысанаға алған қорқытулардың түсініксіз екенін білдірді.

1162606
Ресей АҚШ-тың Роснефтьті нысанаға алған мәлімдемелерін сынға алды

Ресей Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде АҚШ Қазына министрлігі Венесуэла мемлекеттік мұнай фирмасы «PDVSA»-ға қолдау берілгенін алға тартып, Орталығы Ресейдегі «Evrofinance Mosnarbank»-ты да санкция тізіміне алғанын еске салды.

АҚШ-тың санкциялары іске қосуға шешім қабылдағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Венесуэла басшысы Николас Мадуроға заңсыз басшы деген АҚШ оның егемен бір мемлекеттің сайланған президенті екенін ұмытуда» деді.

Мәлімдемеде АҚШ-тың Роснефтке 2014 жылдан бері санкция жасалғанына назар аударып, «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Венесуэламен ынтымақтастық жасағаны үшін Роснефтьке бағыттаған қорқытулары түсініксіз. Фирма жұмыстарын табысты түрде жүргізуде. Вашингтон әкімшілігі себепті Роснефтьпен қарым-қатынастарын тоқтатуға мәжбүр қалған АҚШ-тық фирмалар үлкен шығынға ұшырады» деді.

Помпео қысқа уақыт бұрын жасаған мәлімдемеде Венесуэладан мұнай сатып алуды жалғастырған Роснефттің АҚШ іске қосқан санкцияларды таптағанын алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар