Ресей Еуропаға табиғи газ экспортын толық тоқтатуы мүмкін

Фатих Бирол Ресейдің Еуропаға табиғи газ экспортын толық тоқтатуы мүмкіндігін айтты.

1847506
Ресей Еуропаға табиғи газ экспортын толық тоқтатуы мүмкін

Халықаралық энергетикалық агенттігі (IEA) төрағасы Фатих Бирол Ресейдің Еуропаға табиғи газ экспортын толық тоқтатуы мүмкіндігін айтты.

Фатих Бирол Стамбулда ұйымдастырылған бір конференцияда баяндама жасады. Бирол баяндамасында жаһандық энергия дағдарысының ортасында болғанын, бұл дағдарыстан қысқа бір мерзімде шығудың мүмкін емес екенін білдірді.

Бирол энергияда бір соғыстың болғанын баяндап, Еуропаның энергия тиімділігін арттыру, басқа табиғи газ ресурстарды табу және көмір зауыттарының қолдануын арттыру сынды қадамдардың мәселені шешуде жеткілікті болмайтынын түсіндірді. 

Осы себептен Еуропа елдерінің жедел түрде жүзеге асырылатын табиғи газ бөлуге шектеме жасау жоспарын дайындауы керектігін баяндаған Бирол «Еуропа Ресейден табиғи газды азайту үшін қадам басқан кезде, Ресей де Еуропаға табиғи газ экспортын толық тоқтатуы мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар