Ресей Орталық банкі валюта сатып ала бастады

Ресей Орталық банкі 6 ақпанға дейін 265.8 миллиард рубль валюта сатып алуды жоспарлап отыр

1128071
Ресей Орталық банкі валюта сатып ала бастады

Ресей Орталық банкі 2018 жылдың тамыз айында тоқтатқан валюта алуға қайта бастады.

Ресей Орталық банкінің интернет парақшасында жарияланған мәліметке қарағанда  Ресей Қазына министрлігі үшін қаңтар айында 15.6 миллиард рубль (Мөлшермен 235 миллион доллар) валюта сатып алған.

Ресей Орталық банкі осылайша 2018 жылдың тамыз айынан бері тұңғыш рет валюта сатып алды. 6 ақпанға дейін жалпы 265.8 миллиард рубль (Мөлшермен 3.9 миллиард доллар) валюта сатып алуды жоспарлап отыр. 

Валююта бағамындағы толқулар және Америка Құрама Штаттарының инвестиция қаупі себепті Ресей Орталық банкі өткен жылдың тамыз айында валюта сатып алуды тоқтатқан болатын.

Ресей Қазына министрлігі бюджеттің мұнай бағасының вариль басына 40 долларға сай дайындалуына орай, бағалар осы бағадан жоғарыға шығуынан түсетін қосымша пайданың бір бөлегін валюта сатып алу үшін қолдануда.

 



Ұқсас жаңалықтар