Ресей туристерінің Түркияға сұранысы артты

Ресейден Түркияға ұшақ рейстерінің басталатыны хабарынан кейін орыс туристердің сұранысы ерекше артты.

1661597
Ресей туристерінің Түркияға сұранысы артты

Ресей Тур операторлары одағының төрайымы Мая Ломидзе Түркиямен арадағы ұшақ рейстерінің қайта басталуы хабарынан кейін түрік жағалауларына бағытталған турларда ерекше көп сұраныс болғанын айтты.

Звезда телеарнасына сұхбат берген Ломидзе Ресей үкіметінің Түркияға ұшақ рейстерін 22 маусымда бастау шешімінен кейінгі сұраныс қарбаластығын хабарлады.

Мая Ломидзе:

"Түркияға ұшақ рейстерінің қайта басталуы жарияланғаннан кейін жарты сағат ішінде тур операторлары мен тур агенттіктері түрік жағалауларына барғысы келетін жүздеген туристің сұранысын алды. Көптеген адам 22 маусымда дереу ұшқысы келеді" деді.

Мөлшермен жарты миллион туристің сәуір мен мамыр айларында Түркияға бара алмағаны себепті туризм секторынан жандануды күтіп отырғанын айтқан Ломидзе:

"Алайда мұндай үлкен сұраныс пен жұма күні кештен бергі өтініштердегі артуды тур операторлары мен тур агенттіктері де күтпеген еді" деді.



Ұқсас жаңалықтар