Ресейде жұмыссыз саны 1.9 миллионға жетті

Ресей президенті Владимир Путин жаңа типті коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы себепті елінде жұмыссыздық мөлшерінің артқанын айтты.

1424658
Ресейде жұмыссыз саны 1.9 миллионға жетті

Ресей президенті Владимир Путин жаңа типті коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы себепті елінде жұмыссыздық мөлшерінің артқанын айтты.

Ресей президенті Владимир Путин астана Мәскеуде үкімет басшыларымен видео конференция жолымен  бір жиналыс өткізді. Елдегі жұмыс күші нарқына байланысты да бағаландыру жасады. 

Елдегі жұмыс күші нарқының басты тақырыптың бірі екенін баяндаған Путин:

"Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы және осыған байланысты шектемелер елдегі экономикаға болымсыз әсер жасады. Талап азайды, сауда іс-шаралары әлсіреді, көптеген инвестиция жоспары тоқтады" деді.

"Соңғы санды мәліметтер Ресейде ресми тіркеулі жұмыссыздар санының артқанын көрсетуде. Тіркеулі жұмыссыз саны 1.9 миллионға көбейді" деді президент Путин.

Коронавирус індетіне бағытталған сақтық шараларымен қоса, төмендеген мұнай бағасы себепті ауыр күндерден өтіп жатқан Ресей экономикасының биыл 5-6 пайыз төмендеуі күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар