Ресейге қызанақ экспорты екі есе артпақ

Егіншілік және Орман министрі Берлинде Халықаралық Астық және ауылшаруашылығы форумына қатысты.

1129224
Ресейге қызанақ экспорты екі есе артпақ

Ауылшаруашылығы және Орман министрі Бекир Пакдемирли Ресейге кіруіне рұқсат етілген түрік қызанақ квотасының 50 мыңнан 100 мың тоннаға көтерілгенін жариялады.

Пакдемирли Германияның бас қаласы Берлинде 11-ші Халықаралық Астық және ауылшаруашылығы форумы аясында болып өткен Ауылшаруашылығы министрлерінің конференциясына қатысты. Кейін Берлиндегі Түркия өкілетті елшілігіне барған министр түрік баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Пакдемирли «орыс әріптестеріммен әңгімелестік. Ең үлкен жетістіктеріміздің бірі ретінде экспорттаған 50 мың тонналық қызанақ квотамызды 100 мың тоннаға жеткіздік» деді.



Ұқсас жаңалықтар