Ресейге санкцияның мерзімі созылды

ЕО Ресейге жүргізген санкциясының мерзімін тағы бір жыл созуға шешім қабылдады.

1662072
Ресейге санкцияның мерзімі созылды

Еуропа Одағы Ресейге жүргізген санкциясының мерзімін тағы бір жыл созуға шешім қабылдады.

ЕО кеңесі Ресейдің Қырым мен Севастопольді заңсыз аннекциялауына байланысты санкциялардың 2022 жылдың 23 маусым күніне дейін созылғанын білдірді. Шешімге сай созылған санкциялар аясында Еуропа Одағының азаматтары мен компанияларының Қырымда жұмыстарына шек келтіріледі. Қырым және Севастопольден Еуропа Одағына мүше елдерге өнім импортталуына рұқсат етілмейді. ЕО азаматтары немесе компаниялары аты аталған аймаққа инвестиция сала алмайды және қаржы қызметін қамдай алмайды. Аталмыш аймақтарға қатынас, телекоммуникация және энергия секторында қолданылатын кейбір өнімдер мен технологиялар сатылмайды.

Әсіресе мұнай, табиғи газ және кен іздеу, кен шығару және өндірісіне бағытталған технологияға тыйым салынады.



Ұқсас жаңалықтар