Ризенің шай экспорты артты

Ризе биыл қаңтар-сәуір маусымында жасалған шай экспортынан  2 миллион 869 мың 310 доллар кіріс түсірді.

1828289
Ризенің шай экспорты артты

Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар одағы төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған Ризеден осы жылдың  4 айлық маусымында 19 елге шай экспорт етілгенін айтты. 

Бұл маусымда 1045 тонна шай экспортынан 2 миллион 869 мың 310 доллар кіріс түсіргенін баяндаған Гүрдоған "Бельгия, Украина және Америка Құрама Штаттары ең көп шай сатылған елдер болды. Бельгияға 1 миллион 660 мың 323, Украинаға 297 мың 873  және АҚШ-қа  152 мың 978 долларлық шай экспорт етілді" деді. 

Гүрдоған экспорт жасалған ел санының көбейгеніне назар аударып, 2022 жылының  қаңтар-сәуір маусымында Біріккен Араб Әмірліктері, Канада, Сенегал, Өзбекстан, Молдова, Малта  және Албанияға да шай экспорт етілгенін түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар