Сәуір айы экспорты өсті

Сауда министр Мехмет Муш астана Анкарада сәуір айы сыртқы сауда көрсеткіштері жайлы баспасөз жиналысын өткізді.

1822502
Сәуір айы экспорты өсті

Сауда министр Мехмет Муш экспорттың сәуір айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда  24,6 пайыздық артумен 23,4 миллиард долларға ұласқанын білдірді.

Министр Муш "Бұл ең жоғарғы санақ" деді. 

Түркияның экспортта 2021 жылғы үлкен табыстан кейін 2022 жылының алдыңғы төрт айында да күшті перформанс көрсеткенін түсіндірген Муш былай деді: "Экспортымыз өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 24,6 пайыздық артумен 23,4 миллиард долларға жетті".

Көрсеткіштер экспорттағы өсудің уақытша емес, түбегейлі болғанын анықтағанын айтқан Мехмет Муш "Министрлік ретінде экспортымызды көтеру және түбегейлі күйге айналдыру үшін көп жұмыс істеудеміз. Мақсатымыз жалғастыруға болатын және кең көлемді бір экспорт жүйесін қалыптастыру" деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар