Сабиха Гөкченде жолаушы саны 61 мыңға жетті

Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайын қолданған жолаушы саны жексенбі күні 61 мың 408 кісі болды.

1470552
Сабиха Гөкченде жолаушы саны 61 мыңға жетті

Стамбұл Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайында күндік жолаушы саны 61 мыңға жетті.

Тамыз айында сыртқы ұшақ рейстері қалыпқа түскеннен кейін Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайын қолданған жолаушы саны жексенбі күні 61 мың 408 кісі болды.

1 тамызда Ресейдің Победа  әуежолдарының ұшақ рейстерін бастауымен Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайында 33 ішкі рейс пен 45 сыртқы рейс ұшақтары ұшуда. 

Жаңа типті коронавирус індеті себепті 28 наурызда ұшақ рейстеріне үзіліс жасалған Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайында індет бақылауға алынып, қалыпқа түсу басталғаннан кейін 1 маусымда ішкі рейстерге, 12 маусымда сыртқы рейстерге ұшу қайта басталды.  



Ұқсас жаңалықтар