Сакариядан 131 елге экспорт

Сакария жылдың 7 айында 131 елге 3 миллиард 150 миллион 626 мың долларлық көлік сатты.

1256680
Сакариядан 131 елге экспорт

Түркияның автомобиль экспортында басты қалаларының бірі Сакария жылдың 7 айында 131 елге 3 миллиард 150 миллион 626 мың долларлық көлік сатты.

Түркия Экспортшылар мәжілісінің деректеріне қарағанда, Стамбул, Коджаели, Бурса,  Измир, Анкара және Газиантептен кейін экспортта жетінші кезектегі Сакариядан шілде айында 511 миллион 383 мың долларлық экспорт жүзеге асырылды.

Маусым айында 331 миллион 948 мың долларлық экспорт жасаған қала экспортын 54 пайыз арттырды.

Осы қалада жеті айда 131 ел және 11 еркін аймаққа экспорт жасалды.



Ұқсас жаңалықтар