Стамбул метросына Еуропадан марапат

Түркияның тұңғыш жүргізушісіз метросы Еуропада жүлдеге лайықты деп табылды.

1087851
Стамбул метросына Еуропадан марапат

Түркияда Стамбулдағы тұңғыш жүргізушісіз метро Еуропада жүлдеге лайықты деп табылды.

Стамбулдағы Үскүдар-Санджактепе метро желісі Бельгиядағы Халықаралық қоғамдық көліктер одағы тарапынан Еуропада бірінші орынға сайланды.

1885 жылы құрылған, 90 елден мүшесі бар, қоғамдық көлік саласындағы ең ірі үкіметтік емес ұйымдардың бірі Халықаралық қоғамдық көліктер одағы бір рейсте 500-ден көп жолаушы таситын жүргізушісіз метро желілерін тексерді.

Жүргізілген тексеру нәтижесіне қарағанда,  Стамбул қалалық муниципалитетінің жүргізушісіз метро желісі Париж,  Рим, Барселона секілді қалаларды артта тастады.

Стамбулдағы жүргізушісіз метро желісі бір рейсте 1620 адамға қызмет көрсетеді. Түркияның тұңғыш жүргізушісіз метро желісінен кейін 1200 жолаушы сыйымдылығымен Рим, 895 адам сыйымдылығымен Барселона және 722 жолаушысымен Париж метролары келеді.



Ұқсас жаңалықтар