Стамбул әуежайларының жолаушы саны артты

Еуропада саяхаттағандардың 7 пайызы Стамбулдан ұшқан.

1763758
Стамбул әуежайларының жолаушы саны артты

Еуропада былтыр әуе жолымен сапарға шыққандардың 7 пайызын қонақ қылған Стамбул 2020 жылға қарағанда жолаушы санын 22 миллионға арттырды.

Еуропадағы авиа қауіпсіздік ұйымы  EUROCONTROL деректеріне қарағанда, былтыр құрлық бойынша ішкі және сыртқы желіде шамамен 900 миллион жолаушы сапарлады.

Еуропада 2021 жылы ұшқан барлық жолаушылардың 7 пайызы Стамбулдан ұшты.  Аталмыш аймақта алдынғы жылы бұл көрсеткіш 5 пайыз болған еді.

Былтыр Стамбулдағы барлық әуежайларынан ішкі желіде 26 миллион 713 мың 191, сыртқы желіде 35 миллион 432 мың 79, барлығы 62 миллион 145 мың 270 жолаушы ұшқан.

 



Ұқсас жаңалықтар