Стамбулға 5 миллион турист келді

Мамыр айында ​​​​​​​Стамбулға 1 миллион 402 мың 366 шетелдік турист келді.

1849724
Стамбулға 5 миллион турист келді

Стамбул мамыр айында 1 миллион 402 мың 366 шетелдік қонақты күтіп алып, соңғы 33 айдағы ең көп туристке үй иесі болды.

Стамбул Уәлаят Мәдениет және туризм басқармасының мәліметтері бойынша қалаға сапарлай келген турист саны жылдың алғашқы бес айында 5 миллион 284 мың 714 кісіге жетті. 

Мамыр айында Стамбулға 1 миллион 402 мың 366 шетелдік турист келді.

Стамбулға келген шетелдік турист арасында немістер 115 мың 635 кісімен алғашқы орынды иеледі.

Ирандықтар 98 мың 751 кісімен екінші, орыстар 92 мың 455 туристпен үшінші орынды иеледі.

Америкалықтар 70 мың 733 турист, ағылшындар 65 мың 243, француздар 57 мың 824 турист жолдады.

Израильден 46 мың 755 турист, Ирактан 34 мың 816, Голландиядан 34 мың 777 турист Стамбулды тамашалады.

Өзбекстаннан да 32 мың 204 турист келді.



Ұқсас жаңалықтар