Toyota жұмысты тоқтату мезгілін ұзартты

Subaru және Daihatsu компанияларының да бөлшек материалдарды жеткізудің үзілуіне байланысты  өндірістік желіде жұмысты тоқтатуға шешім қабылдағаны білдірілді.

1847330
Toyota жұмысты тоқтату мезгілін ұзартты

Toyota Motor Шанхайдағы жаңа типті коронавирус (Covid-19) індеті себеп болған Қытайдан келетін бөлшек материалдарды жеткізудің үзілуіне байланысты  өндірістік желіде жұмысты тоқтату процесінің уақытын ұзартты.

Қытайдың Шанхайдағы жаңа типті коронавирус (Covid-19) індеті себепті атқарған сақтық шаралары Жапония автомобиль компанияларының өндірісіне әсері жалғасуда.

Toyota Motor осыған орай өткен апта жариялаған Жапониядағы Айчи, Ивате және Мияги уәлаяттарындағы 7 нысандағы 11 өндірістік желіде жұмысты 8 шілдеге дейін тоқтатату шешімін жаңалады.

Жаңаланған шешімге сай Жапония компаниясының орталығы деп қабылданған Айчи уәлаятындағы нысанда 4 өндірістік желіде жұмысты 10 күн тағы тоқтатады.

Компания Қытайдан бөлшек материалдарды жеткізудің үзілуіне байланысты  өндірістік желіде жұмысты тоқтату процесінің уақытын ұзартуға шешім жасалғанын хабарлады.

Subaru және Daihatsu компанияларының да бөлшек материалдарды жеткізудің үзілуіне байланысты  өндірістік желіде жұмысты тоқтатуға шешім қабылдағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар