Трамп АҚШ Конгресіне 4,7 триллион долларлық бюджет жобасын ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп 4,7 триллиондық 2020 қаржы жылы бюджет жобасын Конгреске ұсынды.

1161477
Трамп АҚШ Конгресіне 4,7 триллион долларлық бюджет жобасын ұсынды

Ақ үй әкімшілігі Дональд Трамптың 2020 қаржы жылы бюджет ұсынысын Конгреске жібергенін жариялады.

Мәлімдемеде «қаржы тұрғысынан жауапкершілігі бар және американдықтарға тән бір бюджет» дайындалғаны атап көрсетілді.

Федеральдық үкіметтің шығындарында 5 пайыз қысқарту жасалуы қамтылған 4.7 триллион долларлық 2020 бюджет ұсынысында Трамптың Мексика шекарасына салынуы жоспарланған дуал үшін 8.6 миллиард доллар сұрауы да назар аударды.

Демократтар саны көп Өкілдер Мәжілісінде аталмыш бюджет ұсынысының қабылданбайтыны күтілсе де, Трамп пен Демократтар арасындағы бюджет пікірталастарының ұзаққа созылатыны болжалады.

Трамптың бюджет ұсынысында алдынғы жылдарда болғандай ең үлкен үлес 2020 үшін 750 миллиард доллармен Қорғаныс министрлігіне (Пентагон) бөлінеді.

Ұсыныста бюджеттің 5.4 миллиард долларлық бөлігі ұзақ елдердегі АҚШ қызметкерлері мен мекемелеріне, 3.3 миллиардтық бөлігі болса «Израиль үшін шетелдік армия бағдарламасы» аясында Израильге бөлінеді.

Экономикалық және ұлттық қауіпсіздік мақсатты Иорданияға 1.3 миллиард долларлық жәрдем бөлінбек.

Бюджеттің 661 миллион доллары Ресейдің Еуропа мен Орталық Азиядағы ықпалын әлсірету үшін 707 миллион доллары болса Солтүстік Корея, Иран мен террор топтарымен күресте қолданылады.

Ұсыныста Венесуэла үшін де «елде демократияны қалыптастыру және демократиялық саяси өтпелі кезеңге қолдау беру, дағдарыстардың шешіміне көмектесу» сияқты сылтаулармен 500 миллион долларлық бюджет талап етілді.

Бюджетте сондай-ақ АҚШ-тың шекара қауіпсіздігі, даму жолындағы елдерге жасалатын жәрдемдер сияқты көптеген тақырып бар.



Ұқсас жаңалықтар