Трамп Қытаймен сауда кездесулерінің жақсы өтіп жатқанын айтты

Әлем Сауда Ұйымы Пекиннің АҚШ өнімдерінен 3 миллиард 600 миллион долларлық қосымша кеден салығын алуы шешімін мақұлдады.

1298928
Трамп Қытаймен сауда кездесулерінің жақсы өтіп жатқанын айтты

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда кездесулерінің жақсы өтіп жатқанын айтты.

Қытай президентімен АҚШ-тағы бір жерде сауда келісіміне қол қоюды үміт еткенін білдірген Трамп:

"Бұл жер Айова штаты болуы мүмкін" деді.

Трамп Ақ үйде сауда келісімінің алғашқы бөлімі аяқталып қалғанын, екі бөлім жайлы тағы жұмыстанатындарын хабарлады.

Америкалық кейбір лауазымдылар сауда келісіміне ағымдағы айда қол қойылатынын айтуда.

Әлем Сауда Ұйымы Вашингтон әкімшілігінің Қытай өнімдеріне "anti-damping" салығын жалғастыруына орай  Пекиннің АҚШ өнімдеріне 3 миллиард 600 миллион долларлық қосымша кеден салығын алуы шешімін мақұлдады.



Ұқсас жаңалықтар