Туристердің Түркияда жұмсаған ақшасы артты

Биылғы алғашқы 7 айдағы сауда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70 пайыз артты.

1256108
Туристердің Түркияда жұмсаған ақшасы артты

Түркияға келген туристердің саудасы артты.

Биылғы алғашқы 7 айдағы сауда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70 пайыз артты.

Әлем көлемінде салықсыз сауда жасайтын Global Blue компаниясының деректеріне қарағанда,  биылғы жеті айда қытайлардың Түркиядағы саудасы 85 пайыз артты. Қытайлық туристер Түркияда орташа 5 мың лира жұмсады.

Катар азаматтары болса орташа 6 мың 782 лиралық сауда жасап, бірінші орын алды.  Катардан кейін Біріккен Араб Әмірліктері мен Германия азаматтары келеді.

Израильдік туристер Түркиядағы саудасын өткен жылға қарағанда 182 пайыз арттырған.



Ұқсас жаңалықтар